30 Қаңтар 2019 2019, 16:24

Алдағы күндері -42 градусқа дейін аяз болады

Астана, BAQ.KZ. Синоптиктер еліміздің бірнеше облыстарында күшті жел мен аяз болады деп ескертеді.

Астана, BAQ.KZ. Синоптиктер еліміздің бірнеше облыстарында күшті жел мен қатты аяз болады деп ескертеді.

01-02 ақпанда Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде ауа температурасы 27-32, кей жерлерде 35-40 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

02 ақпанда Шығыс-Қазақстан облысында түнде ауа температурасы 28-33, кей жерлерде 37-42 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

31 қаңтарда Ақмола облысынның кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Астана қаласында таңертең және күндіз 31 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.