18 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін ел аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын түседі. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.
Түркістан облысының кей жерінде тұман, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшеюі мүмкін.
Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с болады.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с дейін жетуі ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерінде тұман түседі, күндіз Жарма ауданында жел 15-20 м/с болады.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Ақмола облысының кей жерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі ықтимал.
Батыс Қазақстан, Атырау, Актөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерінде тұман түседі, Атырау облысының кей жерінде көктайғақ болады.