17 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін ел аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын- шашын түседі. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.

Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ түседі. Жалаңашкөл ауданында желжыі жылдамдығы 17-22 м/с болады. 

Атырау облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау облысының кей жерінде көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, түнде кей жерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерінде тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман түседі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз кей жерде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең бұрқасын болады, тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Қарағанды, түнде Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы