Кей облыста тұман түсіп, бұрқасын болады
Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын түсіп, ауа райы тұрақсыз болады. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді сақталады, шығыста бұрқасын болуы мүмкін.
Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді.
Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде түнде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал, жел 15-23 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.