Еліміздің басым бөлігінде күн суытады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, 23-25 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Салқын Атлантикалық антициклон шығысқа қарай баяу жылжып, Қазақстанның басым бөлігінде өзінің ықпалын сақтап қалады. 

Түнде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында термометр 1-9 градусқа дейін төмендейді. Тек еліміздің батысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, жел күшейеді.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы