Терезені ашып, ауа тазартқанның пайдасы бар ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Терезені ашып, бөлменің ауасын алмастыру ауаны тазартпайды. 

Мұндай қорытындыны Канададағы Торонто университетінің ғалымдары жасады, деп жазады Science Advances.

Зерттеушілер тұрғын үйлерде кездесетін 19 кері әсер ететін заттарды анықтады. Олардың ішінде тамақ дайындағанда тарайтын карбон қышқылдары, октан қышқылы және аммиак бар.

Адамдар алдымен бөлменің ішінде күнделікті үй жұмысымен айналысқан. Кейін ғалымдар бөлмедегі ауа сапасын тексерген. Кейін 30 минут бойы терезені ашып, ауаны тазартқаннан соң, ауа сапасын тексерген.

Тіпті бөлме ауасын ұзақ уақыт бойы тазартқан кезде де ауа сапасы жақсармаған. Ұшып жүретін зиян заттардың қосылуы белгілі бір уақыт бойы басылған, бірақ кейін қайтып бұрынғы көрсеткішін көрсеткен. Бұл 55 минут уақыт ішінде қайтып ауа сапасы нашарлаған, кей үйде 8 минуттан кейін зиян заттар ұша бастаған.

Ғалымдар зиян заттар үйдегі жиһаз, перде, еден, тіпті ыдыс-аяқта да қалып қояды деп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы