Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 29 қыркүйек күні Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін екенін хабарлады.
Синоптиктердің мәліметінше, сейсенбі күні еліміздің үш қаласында - Ақтөбе, Нұр-Сұлтан және Балқашта қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін. Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы