Бүгін елімізде ауа сапасы қандай болады

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары бейсенбі күні елімізде ауа сапасы қандай болатынын хабарлады.

"2019 жылғы 24 қаңтарда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы