Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше аймақта жол жабылды
6 қараша, сағат 23:30-да ауа райының нашарлауына (жел, жаңбыр, көктайғақ, температураның төмендеуі) байланысты республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Қазавтожолдың" хабарлауы бойынша, Ақмола облысы:
"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шек. " автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін);
Павлодар облысы:
"Астана – Ерейментау – Шідерті" автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін) жол жабылды.
Жолды 2025 жылғы 07 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Өзгелердің жаңалығы