17 Қаңтар 2025 2025, 22:12 Фото: baq.kz

Ауа райының қолайсыздығы: ШҚО-да бірнеше автожол жабылды

Шығыс Қазақстан облысында республикалық және облыстық маңызы бар бірқатар автожолдар ауа райының нашарлауына байланысты уақытша жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шығыс Қазақстан облысында республикалық және облыстық маңызы бар бірқатар автожолдар ауа райының нашарлауына байланысты уақытша жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

- А-3 «Алматы – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы», 1013–1048 км (Абай облысы шекарасынан Ұлан ауылына дейін). Жабылу уақыты: 17 қаңтар 2025 жыл, сағат 17:00.

Облыстық маңызы бар жабық жолдар: 
- «Согорное – Барлық» (1–25 км, Согорное ауылынан Барлық ауылына дейін). Жабылу уақыты: 17 қаңтар 2025 жыл, сағат 17:00 – 18 қаңтар 2025 жыл, сағат 08:00. 
- «Өскемен – Тарғын – Самар» (63–145 км, Тарғын ауылынан Самар ауылына дейін). Жабылу уақыты: 17 қаңтар 2025 жыл, сағат 18:00. 
- «Өскемен – Таулы Үлбі – Северное» (38–60 км, «Алтай Альпілері» демалыс базасынан Северное ауылына дейін). Жабылу уақыты: 17 қаңтар 2025 жыл, сағат 18:00. 
- «Таврия – Каменка – Тройницкое» (33–43 км, Каменка ауылынан Тройницкое ауылына дейін). Жабылу уақыты: 17 қаңтар 2025 жыл, сағат 18:00. 
- «Қытай Халық Республикасы шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» (1004–1087 км, Көкпекті ауылынан Боғас ауылына дейін). Жабылу уақыты: 17 қаңтар 2025 жыл, сағат 18:30.