18 Желтоқсан 2024 2024, 22:20
Фото: BAQ.KZ - архив
Ауа райының бұзылуына байланысты екі өңірде жол жабылды
Күн райының өзгеруіне байланысты екі өңірде жол жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
Күн райының өзгеруіне байланысты екі өңірде жол жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
Ауа райының бұзылуына байланысты екі республикалық автожолда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды:
Ақтөбе облысы:
- "Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы" автожолының 23-99 шақырым аралығындағы учаскесі ("Экоойл" жанармай стансасы - РФ шекарасы);
- "Самара-Шымкент" автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).
Қызылорда облысы:
- "Самара-Шымкент" автожолының 1240-1357 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қ.).
Жолды 19 желтоқсан сағат 06:00-да ашу жоспарланған.