Ауа райына байланысты жеті өңірде ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жайында «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі мәлімдеді.

25 тамызда Шығыс Қазақстанның кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл соғады. Күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жел екпіні 15-20, 25 м/с жетеді.

Өскемен мен Семейде күн күркірейді. Жел қарқыны – 15-20 м/с.

Ал Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен жел соғады. Түнде және таңертең жел жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының шығысында түнде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан және солтүстіктен соққан желдің күші – 15-20 м/с. Аймақтың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ертең Қарағанды және Жезқазған қалаларында күн күркірейді.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ертең түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы облысында және облыс оратылығы – Талдықорған қаласында кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел қарқыны найзағай кезінде 15-20 м/с болады. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркірейді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз жел жылдамдығы – 15-20 м/с.

Көкшетау қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы