Ауа райына байланысты төрт облыста жол жабылды

15 наурыз сағат 20:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар 7 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

Ақмола облысында - жалпы ұзындығы 61 шақырымды құрайтын 1 автожол (қар, шектеулі көрініс, көктайғақ, жел).

  •  "Екатеринбург-Алматы" Жібек Жолы ААП - Қарағанды обл.шекарасы (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін).

Қарағанды облысында – жалпы ұзындығы 556 шақырымды құрайтын 4 автожол. (қар, шектеулі көрініс, көктайғақ, жел) 

  •  "Қызылорда-Павлодар" Қарағанды қ.-Павлодар обл.шекарасы
  • "Екатеринбург-Алматы" Алматы обл.шекарасы- Теміртау ААП
  •  ⁠"Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" Қарағанды қ.-Қарқаралы қ.
  • ⁠ "Қызылорда-Павлодар" Ұлытау обл.шекарасы-Топар а. ⁠(қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін).

Павлодар облысында - жалпы ұзындығы 71 шақырымды құрайтын 1 автожол (Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

  •  "Қызылорда-Павлодар" - Қарағанды обл.шекарасы-Шідерту ауылы. (Қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін).

Ұлытау облысында - жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын 1 автожол (Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

  • "Қызылорда-Павлодар" - Атасу а.-Қарағанды обл.шекарасы (қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін).

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 611 бірлік техника және 1250 жолшы жұмылдырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚазАвтоЖол компаниясының баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы