Ауа райына байланысты төрт облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін, 13 қаңтар кешкі уақыттан бастап еліміздің бірқатар өңірлерінде республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстан облысы

13 қаңтар сағат 20:00-ден бастап жүк және қоғамдық көліктерге шектеу енгізілді:

  • «Атырау – Орал» автожолы, 371-492 км (Чапай – Орал);
  • «Чапаев – Жалпақтал – Казталовка – РФ шекарасы», 0-201 км (Чапай – Казталовка).

Жол 14 қаңтар сағат 08:00-де ашылады.

Қарағанды облысы

13 қаңтар сағат 20:00-де жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен дизель отынымен жүретін көліктерге шектеу қойылды:

  • «Астана – Қарағанды – Алматы», 92-164 км;
  • «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау», 51-101 км.

Жолды 14 қаңтар сағат 10:00-де ашу жоспарланған.

Ақтөбе облысы

13 қаңтар сағат 20:15-тен бастап дизель отынымен жүретін және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді:

  • «РФ шекарасы (Жайсан) – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – ҚХР шекарасы (Нұр Жолы)»,
    776-965 км (ЭКО ОЙЛ ЖҚС – Қарабұтақ ауылы).

Жол 14 қаңтар сағат 08:00-де ашылады.

Атырау облысы

13 қаңтар сағат 20:00-де көліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді:

  • «Атырау – Орал» автожолы, 371-189 км (Чапай – Атырау облысының шекарасы).

Жол 14 қаңтар сағат 08:00-де ашылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы