Ауа райына байланысты елімізде 30-дан астам жол жабылды

Күн райына байланыста еліміздегі 10 өңірде республикалық маңызы бар автожолдардың 31 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» компкниясына сілтеме жасап.

Абай облысында – 2 учаске:

1. "Алматы-Өскемен" 971-1013 км, Қалбатау а.-Шығыс Қазақстан обл. шек.—42 км.

2. "Омск-Майқапшағай" 910-1002 км, Қалбатау а.-Көкпекті а. – 92 км.

Тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін шектеу енгізілді.

Ақмола облысында – 8 учаске:

1. "Екатеринбург - Алматы" 1292-1353 км, Жібек жолы ААП -гр.Қарағанды обл. шек. – 61 км.

2."Астана-Петропавловск" 18-234 км, Астана қ.-Щучинск қ. – 216 км.

3."Көкшетау-Атбасар" 47-184 км, Зеренді а.-Атбасар қ. – 137 км.

4. "Астана-Ерейментау-Шідерті" 16-200 км, Астана қ.-Павлодар обл. шек. – 184км.

5. "Екатеринбург-Алматы" 1128-1230 км, Астраханка а.-Қажымұқан а. – 102 км.

6. "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" 16-51 км, Қосшы қ.-Қарағанды обл.шек. – 35 км.

7. "Астана-Қорғалжын" 19-124 км, Астана қ.-Қорғалжын а. – 105км.

8. "Астана-Петропавловск" 234-304 км, Щучинск қ.- Көкшетау қ. – 70км.

Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.

Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске:

1. "Атырау-Орал" 375-492 км, Чапаев а.- Орал қ. – 117км.

Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.

Шығыс Қазақстан облысында – 2 учаске:

1. "Алматы-Өскемен" 1013-1046 км, Абай обл. шек. – Ұлан а. – 33км.

2. "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахманов кілттері" 6-166 км, Ушановское а.- Алтай қ. – 160 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады

Жетісу облысында – 1 учаске:

1. "Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст. – 100 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады

Қарағанды облысында – 11 учаске:

1."Екатеринбург-Алматы, Солтүстік Шығыс айналма жолы" 0-16 км, Пришахтинск а.- Новостройка а. – 16 км.

2. "Екатеринбург - Алматы" 1353-1426 км, Ақмола обл. шек.-Теміртау ААП – 73 км.

3. "Екатеринбург - Алматы" 1426-1446 км, Теміртау ААП – Теміртау қ. – 20 км.

4."Екатеринбург-Алматы" км. 1505-1854 км, Новостройка а. – Балқаш қ. – 349км.

5. "Қызылорда-Павлодар" 970-1135 км, Қарағанды қ. - Павлодар обл. шек. – 165км.

6. "Екатеринбург-Алматы" 1445-1459 км, Теміртау қ.-Қарағанды қ. – 14км.

7. "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" 17-217 км, Қарағанды қ.-Қарқаралы қ. – 200км.

8. "Бастау-Ақтау-Теміртау" 0-53 км, Бастау а.- Теміртау қ. – 53км.

9. "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" 231- 324 км, Павлодар обл. шек- Ботақара а. – 93 км.

10. "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" 51-256 км, Ақмола обл.шек. –Теміртау қ. – 205 км.

11. "Қызылорда-Павлодар" 788-906 км, Ұлытау обл. шек.- Топар а. – 118 км.

Қостанай облысында – 1 учаске:

1. "Жезқазған-Петропавловск" 253-335 км, Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. – 82км.

Павлодар облысында – 2 учаске:

1. "Астана-Ерейментау-Шідерті" 200-259 км, Ақмола обл. шек.-Шідерті а. – 59 км.

2. "Қызылорда-Павлодар" 1135-1206 км, Қарағанды обл. шек. – Шідерті а. – 71км.

Солтүстік Қазақстан облысында – 1 учаске:

1."Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское" 65-194 км, Возвышенка а.-Қиялы а. – 129 км.

Ұлытау облысында – 2 учаске:

1."Жезқазган-Петропавловск" 24-137 км, Сәтпаев а.- Ұлытау а. – 113км.

2."Қызылорда-Павлодар" 433-788 км, Жезказған қ.-Қарағанды обл. шек. – 355км.

Белгілі болғандай, республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 733 бірлік техника және 1452 жолшы жұмылдырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы