7 Наурыз 2025 2025, 21:41
Фото: pixabay.com
Ауа райына байланысты екі өңірде жол жабылды
Еліміздің екі өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еліміздің екі өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы мәлімдеді.
7 наурыз сағат 18:00-де ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожол учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылғаны белгілі болды.
Абай облысы:
- "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 615-768 шақырым аралығы (Жетісу облысының шекарасы – Аягөз қаласы);
- "Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы" автожолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен ауылы – Үржар ауылы).
Жетісу облысы:
- "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 615-768 шақырым аралығы (Үшарал қаласы – Абай облысының шекарасы).
Жолды 8 наурыз сағат 07:00-де ашу жоспарланған.