Ауа райына байланысты екі облыста жолдар жабылды
23 ақпан сағат 21:00-дегі ахуал бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар екі автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысында – жалпы ұзындығы 30 шақырымды құрайтын 1 автожол (өздігінен қар көшкінінің түсуі ықтималдылығына байланысты)
- «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын- Қатонқарағай-Рахман қайнары» - Берел а.-Рахманов қайнары шипажайы (көліктің барлық түрлері үшін)
Жетісу облысында – жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 1 автожол (екпінді жел, шектеулі көрініс)
- «Үшарал-Достық» - Көктұма ст.-Достық ст. (барлық көлік түрлері үшін)
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 280 бірлік техника және 375 жолшы жұмылдырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Өтіріктен әбден шаршадым". West Oil қызметкері Жетібайдағы ереуілге қатысудан неге бас тартқанын айтып берді
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы