4 Қараша 2025 2025, 21:48
Фото: pixabay
Ауа райына байланысты бірқатар жолдарда қозғалыс шектелді
Бүгін, 4 қарашада сағат 20:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодар облысында:
- «ҚХР – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 427–587 шақырымдары (Кенжекөл ауылы – Абай облысының шекарасы).
Абай облысында:
- «ҚХР – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 587–733 шақырымдары (Павлодар облысының шекарасы – Семей қаласы).
Жолдарды 2025 жылғы 5 қараша сағат 07:30-да ашу жоспарланып отыр.
Төтенше жағдайлар қызметі жүргізушілерге сапарға шықпас бұрын ауа райы мен жол жағдайы туралы ақпаратты нақтылап алуға кеңес береді.
Қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығы арқылы тәулік бойы алуға болады.