11 Ақпан 2023 2023, 17:34
Фото: azattyq-ruhy.kz
Ауа райына байланысты бірқатар жол учаскесі жабылды
Республикалық автожолдар желісінде 300-ден астам арнайы техника мен 500 жолшы маман қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Республикалық автожолдар желісінде 300-ден астам арнайы техника мен 500 жолшы маман қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жамбыл, Қарағанды және Түркістан өңірлерінде боран мен көрінудің шектелуіне байланысты республикалық автожолдардың бірқатар учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді.
Автокөліктің барлық түрі үшін "Алматы-Ташкент-Термез" тасжолының екі учаскесінде (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін және Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейін) қозғалыс шектелді.
Жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін "Екатеринбург-Алматы" тасжолының Ақсу Аюлы ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығы жабық.