Кеше 2026, 21:16
Фото: freepik
Ауа райына байланысты бірқатар республикалық жолдар жабылды
Жүргізушілерге алыс жолға шықпас бұрын ауа райы болжамын және жолдардың жай-күйін нақтылап алуға кеңес беріледі.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық жолдарда қозғалыс уақытша шектелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылғы 12 ақпан сағат 20:00-ден бастап ауа райының күрт бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше автожол учаскесінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, - делінген хабарламада.
Алматы облысы бойынша:
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 25–124 шақырым аралығы (Ақы алу пунктінен Жетісу облысының шекарасына дейін);
- «Алматы – Шелек – Қорғас» автожолының 25–243 шақырым аралығы (Ақы алу пунктінен Тасқарасу бұрылысына дейін).
Жетісу облысы бойынша:
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 124–168 шақырым аралығы (Алматы облысының шекарасынан Сарыөзек ауылына дейін).
Мамандардың мәліметінше, қозғалысты 2026 жылғы 13 ақпан сағат 07:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.
Жүргізушілерге алыс жолға шықпас бұрын ауа райы болжамын және жолдардың жай-күйін нақтылап алуға кеңес беріледі.