19 Ақпан 2026, 21:19 Фото: freepik

Ауа райына байланысты бірқатар республикалық жол жабылды

Жол қозғалысын 2026 жылғы 20 ақпан сағат 09:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар республикалық жолдар жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2026 жылғы 19 ақпан сағат 20:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше автожол учаскесінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, - делінген хабарламада.

Абай облысы:

  • «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 1002–1013 шақырым аралығы (Боғас ауылына бұрылыс – ШҚО шекарасы);
  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 683–768 шақырым аралығы (Таскескен ауылына бұрылыс – Аягөз қаласы);
  • «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» автожолының 320–941 шақырым аралығы (Қарағанды облысы шекарасы – Боғас ауылы).

Шығыс Қазақстан облысы:

  • «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 1103–1256 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасы – Зайсан қаласы).

Жол қозғалысын 2026 жылғы 20 ақпан сағат 09:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райы болжамын ескеріп, алыс сапарларды кейінге шегеру ұсынылады.