Ауа райына байланысты бірнеше облыста жол жабылды
«ҚазАвтоЖол» ауа райына байланысты бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады:
Ақмола облысы:
- «Жезқазған - Арқалық - Петропавл» автожолының 377-536 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы - Бұзылық а.);
- «Астана - Қарағанды - Алматы» автожолының 1291-1353 шақырым аралығы (Жібек Жолы төлем алу пункті - Қарағанды облысының шекарасы);
- «Астана - Шідерті - Павлодар - Үспен - РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қ. - Павлодар облысының шекарасы).
Қарағанды облысы:
- «Астана - Қарағанды - Алматы» автожолының 1353-1426 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы - Теміртау төлем алу пункті).
Қостанай облысы:
- «Жезқазған - Арқалық - Петропавл» автожолының 339-377 шақырым аралығы (Арқалық қ. - Ақмола облысының шекарасы).
Павлодар облысы:
- «Астана - Шідерті - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы» автожолының 200-254 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы - Шідерті а.).
Жол учаскелерін 27 ақпан сағат 07:00 ашу жоспарланған.