Ауа райына байланысты бірнеше облыста жол жабылды

Ауа райына байланысты бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, уақытша жабылған жолдар 2024 жылғы 17 желтоқсан күні сағат 08:00-де ашылады деп жоспарланып отыр.

Қостанай облысы:

2024 жылғы 16 желтоқсанда сағат 19:30-да Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар Екатеринбург-Алматы автожолының 686-729 шақырым аралығында (Сарыкөл ауылынан СҚО шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Солтүстік Қазақстан облысы:

2024 жылғы 16 желтоқсанда сағат 19:30-да Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар Екатеринбург-Алматы автожолының 729-768 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жамбыл облысы:

2024 жылғы 16 желтоқсан сағат 21:00-де Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты Алматы-Ташкент-Термез автожолының 159-238 шақырымы аралығында (Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы