Ауа райына байланысты 13 өңірде ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 28 мамырда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Атап айтқанда, күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі аудандарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні екпіні 24-29 м/с жетуі ықтимал. 

Алматы қаласында кешке қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ түседі. Таңертең және күндіз желдің күші 25 м/с артады. 

Түнде Түркістан облысында тау етегіндегі аудандарда қатты жаңбыр болжанады. Өңірдің оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 25 м/с жетеді. 

Шымкент қаласында түнде қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. 

Ақмола облысының шығысында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде өңірдің шығысында, күндіз батысында жылдамдығы 15-20 м/с артады. 

Түнде Қызылорда облысының шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с құрайды. Өңірдің орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде, шығысында, күндіз солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ болжанады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с артады. 

Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз өңірдің оңтүстігінде, екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ болжанады. Түнде және таңертең өңірдің батысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында жылдамдығы 15-20 м/с артады. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. 

Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күндіз өңірдің солтүстігінде екпіні 18 м/с артады. 

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, 15-20 м/с күшпен жел соғады. Жарма, Катонқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысының орталығында, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. 

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, түнде және таңертең солтүстік-батыста тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с артады. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік жүреді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы