Ауа райы: жел, бұрқасын, көктайғақ күтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 18 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы күтіледі. Басым өңірде жауын жауады. Шығыста қатты жауын-шашын болжанады. Еліміздің тек батыс және оңтүстік бөлігінде күн райы ашық болады. Сондай-ақ республиканың кей жерінде екпінді жел тұрып, көктайғақ, тұман болады. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің күші күндіз 25 м/с жетуі ықтимал.

Қарағанды облысының кей жерінде тұман, түнде бұрқасын, көктайғақ болжанады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Павлодар облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерінде жел 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының кей жерін тұман басып, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Атырау облысының кей жерінде тұман күтіледі.

Сондай-ақ, түнде Қызылорда, Түркістан облыстарында 3 градус үсік жүреді.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы