Ауа райы: Жамбыл, Алматы облыстарында 1-4 градус үсік күтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін ел аумағының басым бөлігінде күн ашық, тек оңтүстікте және оңтүстік шығыста атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады.

Сонымен қатар, республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Қостанай, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жеріне тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, 15-20 м/с-ке дейін желдің күшеюі ықтимал.

Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерінде түнде және таңертең 1-4 градус үсік күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы