Бүгiн 2026, 09:20
Фото: depositphotos.com
Ауа райы қолайсыздығы: Бірқатар облыста жолдар жабылды
Қай облыстарда жол ашық?
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Қазақстандағы автомобиль жолдарындағы ахуал туралы мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23 наурыз сағат 08:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде көліктің барлық түріне қозғалыс ашылды:
Ақмола облысы:
- «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — Ресей Федерациясының шекарасы» автожолының 16–200 шақырымы (Астана қаласы — Павлодар облысының шекарасы).
Павлодар облысы:
- «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — Ресей Федерациясының шекарасы» автожолының 200–254 шақырымы (Ақмола облысының шекарасы — Шідерті кенті).
Жабық жолдар
Сонымен қатар келесі автожол учаскелерінде көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді:
Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Тимирязево — Сарыкөл — Қостанай облысының шекарасы» автожолының 0–30 шақырымы (Тимирязево ауылы — Қостанай облысының шекарасы учаскесі).
Ақмола облысы:
- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30–92 шақырымы (Жібек жолы төлем алу пункті — Қарағанды облысының шекарасы учаскесі).
Қарағанды облысы:
- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92–164 шақырымы (Ақмола облысының шекарасы — Теміртау төлем алу пункті учаскесі).
Павлодар облысы:
- «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — Ресей Федерациясының шекарасы» автожолында («Қалқаман» жолайрығы — Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығаберіс учаскесі).
Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында таулы аймақтың күрделі жағдайына байланысты Осинов асуында 2024–2025 жылғы қысқы кезеңде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына 46–66 шақырым аралығында (Северный ауылына бұрылыс — Серебрянск қаласына бұрылыс учаскесі) шектеу енгізілген.