Ауа райы нашарлауына байланысты полиция жүргізушілерге ескерту жасады

25–27 қазан аралығында Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа райының қолайсыз болуы күтіледі. Бұл жағдай республикалық маңызы бар автожолдардағы қозғалыс қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, сондай-ақ қар жаууы ықтимал. Жекелеген жол учаскелерінде көктайғақ пен көрінудің нашарлауы күтіледі.

Осыған байланысты полиция мен жол қызметтері жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, арақашықтықты сақтауға және көлік басқару кезінде барынша мұқият болуға кеңес береді.

Азаматтарға сапарларын алдын ала жоспарлап, ауа райының қолайсыз кезінде қажет болмаса, алыс жолға шықпау ұсынылады.

Жолдардың жағдайы туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 бірыңғай call-орталығы арқылы білуге болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы