Кеше 2026, 22:48 Фото: freepik

Ауа райы күрт нашарлады: Бірнеше  облыста жол жабылды

Жол қозғалысын 2026 жылғы 20 наурыз сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

2026 жылғы 19 наурызда ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысында:

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 788-906 шақырым аралығы (Ұлытау облысының шекарасы – Топар ауылы);
  • Осы жолдың 970-1066 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы – Молодежный кенті);
  • «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» автожолының 17-217 шақырым аралығы (Қарағанды – Қарқаралы бағытында).

Ұлытау облысында:

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 756-788 шақырым аралығы (Жаңаарқа ауылы – Қарағанды облысының шекарасы).

Павлодар облысында:

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті кенті).

Барлық аталған учаскелерде қозғалыс 19 наурыз күні кешкі сағат 21:00-21:30 аралығында шектелді.

Жол қозғалысын 2026 жылғы 20 наурыз сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Жүргізушілерге жолға шықпас бұрын ауа райы жағдайын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.