Ауа райы күрт бұзылады: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт бұзылып, күн суытады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

28-31 мамырда ауа райы құбылмалы болады.

Дауылды ескертулер келесі өңірлерде:

26-27 мамырда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде 1 градус үсік; 

26-27 мамырда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік; 

27-28 мамырда түнде Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік болады.

Дауылды ескертулер:

28 мамырда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, солтүстігінде, шөлді және тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкент қ.: 28 мамырда кей уакқыттарда найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан қ.: 28 мамырда кей уақыттарда шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

28 мамырда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с деп болжанған.

Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Тараз қ.: 28 мамырда кей уақыттарда найзағай жарқылдауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с болады.

 

28 мамырда Ақтөбе облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с жетеді.

Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе қ.: 28 мамырда жоғары өрт қауіпі болуы мүмкін.

 

28 мамырда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

28 мамырда Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

28 мамырда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай болуы ықтимал. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 2 градус үсік жүреді.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Семей қ.: 28 мамырда жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

 

28 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жұреді.

Өскемен қ.: 28 мамырда түнде топырақ бетінде үсік 2 градус болады.

 

28 мамырда Маңғыстау облысының батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтау қ: 28 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

28 мамырда күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау қ.: 28 мамырда төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

28 мамырда Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда екіпін 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қ.: 28 мамырда солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

 

28 мамырда күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды қ.: 28 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

28 мамырда Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші 15-20 м/с сақталады.

Төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда қ.: 28 мамырда кей уақыттарда шаңды дауыл сақталады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с сақталады.

Төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

28 мамырда күңдіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Астана қ.: 28 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік шығысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Көкшетау қ.: 28 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді.

 

28 мамырда Павлодар облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, екпіні 15-20 м/с болады.

Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар қ: 28 мамырда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

28 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 28 мамырда солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

28 мамырда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

28-31 мамырда облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

28 мамырда Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы