Ауа райы. Қостанайдағы барлық жол жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызды жолдар жабылды,. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Қостанай облысында жел күшейіп, қарлы боран түсті. Соған байланысты 2021 жылғы 2 ақпан сағат 22:00-ден бастап, барлық көлік құралдарының республикалық маңызы бар жолда жүруіне тыйым салынады. Атап айтқанда, «А-21 «Мамлютка-Қостанай» бағытының 252-406 шақырымы (Ұзынкөл ауданы мен Тобыл қаласына дейінгі аралық), «РФ (Екатеринбург қаласы) шекарасы – Алматы» тасжолының 555-683 шақырымы (Тобыл қаласы мен Сарыкөл ауданының арасы), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 7-105 шақырым уақытша жабылды - делінген хабарламада.
Облыстық ТЖД хабарлауынша, көктайғаққа байланысты облыстық маңыздағы Қостанай-Қарабұтақ тасжолындағы қозғалыс шектелді. Аталмыш жолдар күн райы жақсарған соң ғана ашылады. Ауа райын болжаушылар көлік жүргізушілерге алыс жолға шықпауға кеңес береді.