Ауа райы. Еліміздің бірнеше облысында ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 5 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с артады. Кей жерлерде тұман түседі.
Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Карантин талаптары. Бір аптада 480-нен астам нысан тексерілді
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы