Ауа райы. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 27 қыркүйек күні еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болатынын, фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауып, батыс нөсер жауатынын хабарлады.
Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында жауын-шашын, солтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауылмен, оңтүстікте, батыста найзағай ойнайды», - делінген «Қазгидромет» таратқан ақпаратта.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Ақмола облысында желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Түркістан облысында желдің күші 15-20 м/с, таулы аудандарда екпіні 25 м/с жетеді, облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғады.
Қызылорда облысында түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде найзағай ойнайды, жел 15-20, екпіні 23 м/с дейін күшейеді.
Қарағанды облысында түнде солтүстікте, орталықта жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында солтүстік-шығыста найзағай ойнайды, күндіз облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақтөбе облысында күндіз батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Атырау облысында түнде оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл облысында батысында, оңтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
Алматы облысында таңертең және күндіз жел 17-22 м/с дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде және солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының күндіз оңтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с дейін жетеді.