Ауа райы. Еліміздің 10 облысында ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 25 қаңтар күнгі ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 облыста ескерту жариялады. 

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Актобе қаласында тұман болады. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қаласында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. 

25-28 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. 27-28 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ға жетеді. Тараз қаласында 25-28 қаңтарда кей уақытта тұман болады. 

Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с болады. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Түнде кей жерлерінде 35 градус қатты аяз болады. 

Түркістан облысында кей жерлерінде тұман болады. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман болады. 

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ға жетеді жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысында 28-33, кей жерлерде 40 градус аяз күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы