2 Қаңтар 2026, 23:15
Фото: depositphotos.com
Ауа райы бұзылып, Ақтөбе облысында жол жабылды
"ҚазАвтоЖол" Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"ҚазАвтоЖол" Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылғы 2 қаңтар сағат 21:45-те ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-965 шақырым аралығындағы учаскесінде (ЭКО ойл ЖҚС – Қарабұтақ ауылы) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 3 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.