Ауа райы: бүгін шығыстағы таулы аймақтарға қар жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидрометтің хабарлауынша, бүгін еліміздің кей жерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді.

9 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсер етеді, осыған байланысты күн райы ашық болады. Тек еліміздің батысында және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде шығыстағы таулы аймақтарда жаңбыр жауып, соңы қарға айналады. Еліміздің кей жеріне тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, күндіз батыста дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл соғуы, бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Түркістан, Атырау облыстарында, таңертең және күндіз Қызылорда облысында кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қарағанды, түнде және таңертең Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жеріне тұман түседі. 

Қарағанды, Жамбыл, Сотүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының түнде кей жерінде минус 1-3 градус, Жамбыл, Қостанай облыстарында түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Атырау облысында, Қызылорда, Батыс Қазақстан, облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы