Ауа райы: бүгін батыс пен оңтүстікте ғана жаңбыр жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 қыркүйек – жұма күні Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Тек еліміздің батысында және оңтүстікте атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, батыста найзағай жарқылдап, жауын-шашын болады. Республика бойынша кей жерде тұман түсіп, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел жылдамдығы – 15-20 м/с. Түнде және таңертең кей жерге тұман түседі.

Жамбыл, Қарағанды, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жеріне тұман түседі.

Түнде Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Атырау облысының кей жерінде және Түркістан облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы