Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 4-6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, нөсер жаңбыр жауады. Жел күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін. Еліміздің солтүстігі мен орталығында ауа температурасы түнде біртіндеп 5-10 дейін, кей жерлерде 13 жылыға дейін төмендейді. Тек батыста Иран аудандарынан келетін құрғақ ауа массаларының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы байқалады. Сондай-ақ ауа температурасының түнде 17-25 дейін, күндіз 32-40 жылыға дейін жоғарылауы мүмкін, - дейді синоптиктер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Жұмыспен қамту жол картасы": 18 жоба iске асырылып жатыр
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы