Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 24 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық ауа ағындарының әсері әлі де сақталады. Кей жерлерде найзағай болып, жаңбыр жауады, солтүстік-шығыста, шығыста бұршақ жаууы ықтимал. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы, күндіз Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, түнде Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық сақталады, Атырау облысында қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы