Ауа райы. Қазақстанға күз келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 21 қыркүйек күні еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында да жел күшейеді, екпіні секундына 23-28 метр.
Қарағанды облысында күн күркіреп, жаңбыр мен бұршақ жауады.
Атырау, Павлодар, күндіз Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Павлодар облысында 23 м/с-ке жетеді.
Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетіп шаңды дауыл соғады.
Түркістан облысында да шаңды дауыл болады.
Батыс Қазақстан облысында түнде найзағай ойнайды.
Жамбыл облысында тұман түсіп, күн күркірейді, жел күшейеді.
Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облысында өрт шығу қаупі жоғары.
Алматыда күн ашық. Түнде +9..+11, күндіз +24..+26 градус.
Шымкентте 21 қыркүйекте жауын-шашынсыз. Түнде +10..+12 градус, күндіз +25..+27 жылы.