Ауа райы. Алматы облысы тұрғындарына ескерту жасалды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы ТЖД 9 ақпан күні облыс аумағында жаңбыр аралас қар жауып, бұрқасын болатынын мәлімдеді.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 2021 жылғы 8 ақпандағы сағат 21.00-ден 9 ақпандағы сағат 21.00-ге дейін Алматы облысының кей жерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерде екпіні 18-23 м/с жетеді.

Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%, - делінген хабарламада.

Алматы облысы ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға, мүмкіндігінше алыс жолға шықпауға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы