Ауа райы: Алматы мен бірнеше қалада ескерту жарияланды
"Қазгидромет" Алматы мен бірнеше қалада ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы 10 сәуір күні Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен және Алматы қалаларында ауа сапасының нашарлауына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл қысқа мерзімді ауа райы факторларының (тыныштық, баяу жел, тұман, инверсия) үйлесімі, олар жер бетіне жақын атмосфера қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына себеп болады.
Алматыдағы ауа райы
10 сәуір күні Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, жылдамдығы секундына 4-9 метр. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +20…+22°C шамасында болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы