Ауа райы. Алдағы қаңтар айы қалай болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылғы қаңтар айына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады.
Қаңтар - жыл iшiндегi ең суық ай. Ұзақ мерзімді мәліметтерге сәйкес, Сібір аймақтарынан арктикалық ауаның таралу кезінде абсолюттік минималды температураның төмендеуі -48-54°C дейін жетуі мүмкін (мысалы, 1893 жылы 5 қаңтарда еліміздің астанасында -51,6°C тіркелген). Ал оңтүстік облыстарда -30-43 °C дейін (1969 ж. 29 қаңтарында Алматы -30,1 °C) байқалды.
Ауаның максималды температурасы кейбір жылдары +3+9°С дейін жоғарылаған (1948 жылы 09 қаңтарда еліміздің астанасында +5,0°С, 2015 жылғы 08 қаңтарда +3,8°С болды), Қазақстанның оңтүстік бөлігінде +15+22°С дейін жоғарылаған (1940 жылы 05 қаңтарда Алматыда +16,8°С, Шымкент абсолюттік максимумның тіркелген күні 2002 жылы 4 қаңтарда +22,2°С болды).
Қаңтарда жауын-шашынның мөлшерi республика бойынша таралуы бiркелкi емес. Еліміздің көп бөлiгiнде жауын-шашын 10-нан 30 мм дейiн, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтардың таулы аудандарында көбірек жауады, 40-82 мм құрайды. 1969 жылы 214 мм байқалды, ал еліміздің астанасында рекорд 1928 жылы орнатылды және 110 мм жауады.
Консультативтік болжамға сәйкес, 2021 жылы қаңтарда республиканың басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында болжануда. Қазақстанның шығыс жартысында 1°C мөлшерден төмен күтіледі.
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында, республиканың қиыр батысында – нормадан көп, солтүстік-батыста, орталықта, Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстіктің кей жерлерінде нормадан аз болжанады.
Қаңтардың бірінші және үшінші онкүндіктерінде бірнеше суық толқын келуі мүмкін. Ауа температурасының едәуір төмендеуі қаңтардың екінші жартысында болжанады:
Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде -25-35 °С дейін, кей жерлерде -39°С дейін, күндіз -20-27°С дейін суытады;
Республиканың батысында түнде -20-27°С дейін, күндіз -10-20 °С дейін салқындайды;
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде -15-25°С дейін, кей жерлерде -30 °С, күндіз -7-15 °С дейін төмендейді.
Ескерту: бір айға арналған болжамды консультативтік болжам ретінде пайдалану керек, ол кейіннен онкүндікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.