Ауа райы: Алдағы күндері аяз күшейіп, боран соғады
Синоптиктер алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19 желтоқсаннан бастап Қазақстанның басым бөлігіне циклон әсер етеді, қар жауып, боран соғады.
Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік шығысында жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, жел күшейеді.
19-20 желтоқсанда солтүстік батыста, солтүстікте, орталықта, 20 желтоқсанда оңтүстік шығыстағы таулы аймақтарда қалың қар түседі.
21 желтоқсаннан бастап Батыс антициклоны көшкендіктен еліміздің батысында күн ашық болады.
Алайда солтүстікте, оңтүстікте және орталықта ауа температурасы төмендейді. Республика бойынша тұман түсуі мүмкін.
Түнде ауа температурасы еліміздің батысында минус 3-13-градустан 5-18 градусқа дейін төмендейді, шығыста 10-26 градустан 7-20 градус аяз мөлшерінде ауытқиды.
Түнде солтүстік батыста, солтүстікте 10-20 градус аяз, орталықта 13-25 градус аяз, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік шығысында 7-13 градус суық, ал таулы аудандарда 15-18 градусқа дейін төмендейді.