9 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: BAQ.KZ
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" синоптиктерінің болжамына қарағанда еліміздің басым облыстарында фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.
Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және оңтүстіктің кей жерінде жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с күшейеді, кей жерде түнде тұман байқалады.
Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с, Жамбыл, Қызылорда облыстарында көктайғақ болады.
Ақмола және Қарағанды облыстарының кей жерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, жел 15-20 м/с дейн жетеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде бұрқасын болады.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады.