7 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміз бойынша фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Батыс, оңтүстік-шығыс және шығыстың кей жерінде жауын-шашын болады. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.

Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Түркістан облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, түнде кей жерінде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Алматы, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарының кей жерінде тұман. 

Маңғыстау облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының түнде кей жерінде қатты аяз күтіледі. Қарағанды ​​облысында түнде қатты аяз, кей жерінде өте қатты аяз күтіледіТ.

Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының түнде кей жерінде қатты аяз күтіледі.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде қатты аяз күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы