4 Наурыз 2019 2019, 08:15

4 наурызға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Жауын-шашын жауады, оңтүстігінде күндіз тауда қатты жаңбыр жауады. Кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с, кей жерде екпіні 23-28 м/с, кей жер бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с, Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі, Қостанай облысының кей жерінде жел 23 м/с күшейеді.

Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді. 

Алматы облысының кей жерінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с болуы мүмкін. Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түседі. Күндіз Атырау облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Фото: Sputnik Қазақстан