18 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, ел аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.
Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с, ал Ақмола облысында екпіні 25 м/с жетеді.
Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, Павлодар облысының кей жерінде 28 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел 15-22 м/с күшейеді.
Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, Алакөл көлдерінің ауданында жел 20-25 м/с, түнде екпіні 29 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жел кей жерінде 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с дейін жетеді.