14 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" синоптиктерінің болжамына қарағанда еліміздің басым аумағында антициклонның жотасы орналасқан, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың оңтүстігінің кей жерінде жауын-шашын, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болуы мүмкін.
Кей жерде республика бойынша тұман, көктайғақ болады, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.
Кей жерде республика бойынша тұман, көктайғақ болады, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерінде қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысында түнде және таңертең кей жерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 20-25 м/с, екпіні 30 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында кей жерде бұрқасын, тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады.
Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сириядан хабар таратқан Назгүл Кенжетай: «Жәннатта азық көп пе?» деп сұраған сәби көрдім
Келесі жаңалық
Қызылорда облысында күйеуі әйелінің қолын балталап тастады
Өзгелердің жаңалығы