Ауа райы: 10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» синоптиктері 10 облысыта ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 27 қаңтарда Шымкентте тұман түседі.

Ақмола облысында қарлы боран соғады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде қарлы боран соғады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының солтүстік-шығысында және шығысында қар жауып, бұрқасын болады. Облыстың батысында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15 м/с жетеді.

Қызылорда облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде бұрқасын болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысы мен оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, боран соғады. Солтүстік-батыстан жел соғып, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20м/с жетеді.

Түркістан облысының батысында, орталығында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман түседі. Облыстың тау асуларында қар жауады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел, таңертең және күндіз солтүстікте, батыста, облыстың таулы аймақтарында 15-20 м/с.

Ұлытау облысының шығысында түнде бұрқасын болып, оңтүстігінде тұман түседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы